Басты бетЖаңалықтарНазарбаев Университетінің...

Назарбаев Университетінің жетістіктері мен сандәйектері

Сөйтіп, Назарбаев Университетіне 2016-2017 оқу жылына түсуге конкурсқа қатысу үшін 4 517 талапкер: 3060-ы университет алдындағы дайындық бағдарламасына, 223-і бакалавриат бағдарламасына және 1234-і магистратура бағдарламасына тіркелді.

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына оқуға түсудің ең төменгі талаптарын 1 278 адам оқуға түсу емтихандарын табысты тапсырып орындады. 720 талапкер оқуды бастады (олардың ішінде 14 адам ақылы негізде). Олардың ішінде 128-і «Алтын белгі» иегерлері, 246-ы – мемлекеттік үлгідегі қызыл диплом иегерлері.

«Назарбаев Университеті биылғы студенттерді қабылдаудан бастап жаңа әдіснама бойынша оқуға түсуге жаңа талаптарды енгізді. Ағымдағы жылы біз математика пәнін барлық студенттер үшін міндетті пән ретінде, сондай-ақ таңдап алған мектебіне және мамандығына байланысты бірнеше басқа да міндетті «физика», «химия/биология», «сыни ойлау» пәндерін енгіздік. Бұл студенттерді тек алған білімдерінің негізінде ғана емес, сонымен қатар сол білімдерін қолдана білулерін тексеру үшін жасалып отыр, – деп атап өтті Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу.

«Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға қатысты айтар болсақ, енді халықаралық стандартталған IELTS тесті бойынша жалпы балдың нәтижелері тең болғанда мынадай басымдылықпен секциялар бойынша ең жоғары балдарға ие болған талапкерлерге басым құқық берілетін болды: «жазу», «аудирлеу», «оқу», «әңгілемесу» бөлігі, бұл ретте IELTS тесті бойынша Инженерия мектебіне және Ғылым және технологиялар мектебіне түсушілер үшін жалпы балл 5.5-тен 6.0-ге дейін көтерілді», – деп атап өтті Қабылдау департаментінің директоры Динара Ашықбаева.

Бакалавриат бағдарламасына өтінім берген 223 талапкерден 76 адам қабылданды. Тағы 627 студент Дайындық мектебін бітіргеннен кейін бакалавриат бағдарламасына түсті, жиынтығында 703 оқуға түсуші тіркелді.

Университет алдындағы дайындық және бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған талапкерлердің саны мынадай өңірлерден ұсынылды: Астана қаласы – 16%, Алматы қаласы – 17 %, Қарағанды облысы – 8 %, Қостанай облысы – 2 %, Ақмола облысы – 4%, Алматы облысы – 3 %, Атырау облысы – 3%, Ақтөбе облысы – 6%, Қызылорда облысы – 2,5 %, Маңғыстау облысы – 1%, Солтүстік Қазақстан облысы – 2 %, Павлодар облысы – 4%, Шығыс Қазақстан облысы – 9 %, Оңтүстік Қазақстан облысы – 13% және Жамбыл облысы – 5%, Батыс Қазақстан облысы – 4 %.

Биылғы жылы магистратура бағдарламасына конкурсқа 1 108 үміткер қатысты, олардың ішінде 409 адам оқуға қабылданды. Назарбаев Университетінің докторантура бағдарламасына конкурсқа қатысуға 126 үміткер өтінім берді, олардың ішінде 28 адам оқуға қабылданды.

2016-2017 оқу жылы бір жаңа магистрлік бағдарлама – Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (Медицина мектебі) ашылды. Осылайша, қазіргі кезде Назарбаев Университетінде 16 бакалавр, 19 магистрлік, 2 докторлық және 1 «Медицина докторы» бағдарламалары бойынша оқыту өткізілуде.

Магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түскендердің саны мынадай:

Жоғары білім беру мектебі – 89 магистрант және 9 докторант;

Инженерия мектебі – 88 магистрант және 19 докторант;

Медицина мектебі – 58 магистр;

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі – 40 магистрант;

Жоғары бизнес мектебі – 68 магистрант.

Назарбаев Университетінде Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ганна, АҚШ, Өзбекстан және Иран елдерінен 14 шетелдік студент, олардың ішінде университет алдындағы дайындық бағдарламасында 4; бакалавриат бағдарламасында 1; магистратура бағдарламаларында 7 және докторантура бағдарламаларында 2 шетелдік студент білім алуда.

Назарбаев Университеті студенттерінің екі оқу бітіруі жөніндегі анықтамалық ақпарат: 2015 -2016 жылдары Назарбаев Университетін 1 068 студент, олардың ішінде 447 түлек 2015 жылы және 621 түлек 2016 жылы оқу бітірді.

Назарбаев Университеті Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығының деректеріне сәйкес 2015 жылғы түлектердің 40%-ы АҚШ, Ұлыбритания және Қазақстанды қоса алғанда, көптеген басқа да елдердің Стэнфорд Университеті (АҚШ), Массачусетс технологиялық институты (АҚШ), Лондон Империялық колледжі (Ұлыбритания), Лондон Университеттік колледжі (Ұлыбритания), Пенсильвания Университеті (АҚШ) сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында өз оқуларын жалғастыруда. Қазіргі кезде 2015 жылғы түлектердің 47% жұмыс істейді.

Назарбаев Университетінің алғашқы бакалавр-түлектері мынадай салаларда еңбек етуде: консалтинг (24%); білім беру, ғылым (19%); мемлекеттік сектор және ұлттық компаниялар (11%); телекоммуникация және IT (11%); мұнай және газ (8%). Магистратураның алғашқы түлектерінің 49%-ы білім беру және ғылым саласында; 20%-ы мемлекеттік секторда және ұлттық компанияларда еңбек етуде.