Басты бет Жаңалықтар Астана қаласында қылмыстар саны 8 пайызға азайған

Астана қаласында қылмыстар саны 8 пайызға азайған

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қалалық әкімдікте апталық аппарат жиналысының кезекті отырысы өтті. Онда қала тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Фото: Glavk.info

Астана қаласында апта ішінде 918 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға аз.

Астана қаласы ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіровтың айтуынша, есепті кезеңде қалада екі өте ауыр қылмыс жасалған.

Жиын барысында шетелдік азаматтардың заңнаманы бұзғандығы да айтылды. Осыған қатысты Әсет Исекешев оларды елден шығару шараларын қолға алуды жүктеді.

«Үндістан азаматтары қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені анықталды. 7 шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып отыр. Олардың барлығы тұтқындалды. Енді олар елден шығарылатын болады. Үндістандықтарға ішімдікті сатқан дүкенге қатысты да жаза қолданылуы тиіс. Олар айыппұл төлеуі немесе жабылуы керек», — дейді деді қала әкімі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version