Басты бет Жаңалықтар Мұхтар Әуезов театрында «Адасқақ» драма-диалогының премьерасы өтеді

Мұхтар Әуезов театрында «Адасқақ» драма-диалогының премьерасы өтеді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Асқар Сүлейменовтің «Адасқақ» (Плач о погибшей песне) драма-диалогының  премьерасы өтеді.

©auezov-theatre.kz

Аталмыш қойылымның тұсаукесері 29-30 қарашада сағат 18.30-да театрдың үлкен залында болады.

«Адасқақ»  –  көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің прозалық циклы бойынша қойылған драма-диалог. Спектакльдің басты кейіпкері – қазақтың атақты әнші-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы.

Жаңа туындының сахналық нұсқасын жасаған театрдың «Әдебиет бөлімінің» меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Әлия Бөпежанова. Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов. Көркем шығарманың қоюшы-суретшісі Мұрат Сапаров. Музыкамен көркемдеуші – Бейбіт Дәлденбаев.

Спектакльде Біржанның сахналық бейнесін Бекжан Тұрыс сомдайды. Сондай-ақ аталған спектакльде Күнсұлу Шаяхметова, Айзада Сатыбалдиева, Жалғас Толғанбай, Жасұлан Байсалбеков, Болат Әбділманов, Жоламан Әміров, Асан Қырқабақов, Бауыржан Қаптағай, Жанат Тинбаев, Саят Мерекеұлы, Омар Қиқымов өнер көрсетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version