Биылғы жылдың ең табысты әншілері анықталды

2017 жылдың ең табысты әншілері анықталды. Көш басында биылғы жылы 105 млн доллар табыс тапқан америкалық танымал әнші Бейонсе тұр.

©Spletnik.ru

Бұл туралы Forbes журналында жарияланды.

Бейонсе рекордтық соманы Lemonade альбомын сатудан және түрлі концерттік турлардан тапқан.

29 жастағы британдық Adeleнің табысы 69 млн доллардан асып, ол екінші табысты әйел әнші атанды. Adele бұл қаржыны әлемдік деңгейдегі ән кештерінен жинаған.

Өткен жылы ғана осы көштің басында тұрған Тейлор Свифт биыл 44 млн долллар табысымен үшінші орынға сырғыды. Рейтинг жасаушылардың болжамынша, 27 жастағы поп-жұлдыз алдағы жылы жаңадан жазылып жатқан альбомы мен 2018 жылға жоспарланған концерттік турлары арқылы табысын қайта арттырмақ.

Ал рейтингтің алғашқы ондығын түйіндеген келесі әншілер — Селин Дион ($42 млн), Дженнифер Лопес ($38 млн), Долли Партон ($37 млн), Рианна ($36 млн), Бритни Спирс ($34 млн) және Барбара Стрейзенд ($30 млн).

Рейтинг жасау кезінде орындаушылардың өткен 2016 жылдың 1 шілдесінен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта тапқан табыстары есептелген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version