Басты бет Жаңалықтар Ауа-райы: 9 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, тұман түседі

Ауа-райы: 9 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, тұман түседі

Республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен жел күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Фото: Reuters.com

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.

Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман,көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version