Басты бет Видео Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ бір біріне еш соққы жасамады (видео)

Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ бір біріне еш соққы жасамады (видео)

Қытайда өткен ережесіз төбелес MMA торында екі қазақ – Қазақстаннан барған Айбек пен қытайлық қазақ Ғабит бір-бірін ұруға қолдары батпай, ақыры төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Екі бауыр бір-біріне бір рет те жұдырық жұмсаған жоқ. Өтірік алысып, кезек жығылып, жұлқыласып жүріп алды.

Үзілісте Ғабиттың жаттықтырушылары «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп жатқанын естідік. Бірақ, екеуі сонда да бір-бірін ұрып-соққан жоқ. Иә, бұнысы жарыс ережесіне сай емес шығар, бірақ бір-біріне қандасым деп елжіреген батыр жүректеріне қалай сүйінбейсің. Қазақты қазақ осылай аяп, құрметтейтін, жақсы көретін болса бізге ең үлкен атақ-абырой, даңқ-мәртебе сол емес пе!

Батыр жүректері бауырларына деген мейірімге бай баһадүрлеріміз көп болсын!

Мұрат Алмасбекұлы

7 пікір

  1. Керемет,казактарым-ау,асылдарым-ау,бауырмалдарым-ау,куйеуым екеуымыз корыпотырып,жыладык,аман болындаршы айналайындарым

  2. Бауырмал қазақтың жігіттері!!! Әсіресе қытай қазақтары бауырмал келеди көз тимесин

  3. Осы жігіттерден үшін алындар жастар.Өте керемет жарайсындар.төбем көкке жетіп бір марқайып қалдым.

    • Мүмкін «үшін» емес «үлгі» шығар? Әлде -ден деген жалғауды алып тастау керек пе?

  4. Қазақстанда екі неміс (немесе кез келген өзге ұлт өкілі) кездейсоқ қарсылас болып қалса осылай істер ме еді? Тек патриоттық, ұлтжандылық тұрғысынан ғана шапалақ соғып қолпаштайтын жағдай. Спорт деген спорт. Оны бірін-бірі ұрып-соғу, өз бауырыңның, қандасыңның жағасынан алу деп түсінуге бола ма білмедім. Қазақстанда қазақтар бір-бірімен спорт бәсекесіне түспей ме?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version