Басты бет Жаңалықтар Астанада жаңа жоба аясында жас журналистер мен блогерлер марапатталды

Астанада жаңа жоба аясында жас журналистер мен блогерлер марапатталды

Ұлттық Интернет Ассоциациясы биылғы 21 шілдеден бастап ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде»  атты жобаны жүзеге асыруда.

©Nukte.kz

Жобаның негізгі мақсаты — ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін  Қазақстанда ашықтық  пен  есеп берушіліктің тиімді құралдарының мәселелері бойынша қызметті ұйымдық сүйемелдеу және қоғамдық бақылау, ақпаратқа қолжетімділік құралдарын әзірлеу болды.

Аталмыш шара аясында 21 қыркүйек пен 13 қараша аралығында азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді Интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс өткізілген болатын.  Конкурс «Үздік мақала», «Үздік видеоматериал» және «Әлеуметтік желідегі үздік пост» номинациялары бойынша өтті. Байқауға 100-ден астам материал қабылданды.

©Nukte.kz

Жобаға негізінен жас журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты. Материалдар «Nukte.kz» ақпараттық агенттігінің сайты мен парақшасына салынып отырды.

Байқау қорытындысы нәтижесінде  Астанадағы «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі болды.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version