Басты бет Жаңалықтар Қазақстан халқының саны 17 миллион 693 мыңнан асты

Қазақстан халқының саны 17 миллион 693 мыңнан асты

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің ресми сайты осы жылғы ақпанның 1-і күнгі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 17 миллион 693 мың 5 адам болғанын хабарлады деп жазады Азаттық.

Үкімет сайтындағы бұл ақпаратта халықтың саны туралы соңғы мәліметті Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жолдағаны айтылған.

Бірақ Мәсімов сайты Қазақстанда тұратын адамдардың санынан басқа, халықтың әлеуметтік жағдайы, ұлттық құрамы, жас ерекшелігі, бала туу динамикасы сияқты өзге демографиялық мәліметтерді жарияламаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version