Өзбекстанда Құран үйрену курсы ашылады

Өзбекстан елінде діни оқу орындарында Құран үйрену курстары ашылады. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, муфтий Усманхан Алимов осындай жарлық шығарды.

©kuran.muftyat.kz

Құран үйрену курстары ақылы болады. Курс мерзімі алты айға созылады, ақысы – 1 миллион сум (123 доллар).

Басқарма төрағасының орынбасары, шейх Абдулазиз Мансұрдың айтуынша, желтоқсанда 700-ден астам адам Құран үйреніп, 11 діни мекемеде ашылған курстарда араб тілін үйрене алады.

Желтоқсан айында 11 діни оқу мекемелерінде ақылы курстар ашылады.

«Мұндай шешімді қабылдауға тұрғындардың өтініші түрткі болды», -дейді шейх Мансұр.

«Жарлықта курсқа қабылданатындардың жасы көрсетілмеген, бірақ олар егде адамдарға арналған», — деді ол.

Өзбекстанда жекеменшік мекемелерде діни білім беруге заңмен тыйым салынған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version