Басты бет Жаңалықтар Қостанайда газ өңдеу зауыты салынады

Қостанайда газ өңдеу зауыты салынады

Қостанайда газ өңдеу зауыты салынбақ. Құны 20 млрд тұратын зауытты салу үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Global Gas Group» ЖШС директоры Олег Гончаров арасында меморандумға қол қойылды.

Baq.kz

Келісім бойынша зауыт құрылысы келесі жылдың басында басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аталмыш зауыт іске қосылса Астана мен солтүстіктегі облыстарды газдандыру мәселесі шешімін таппақ.

Зауыт басшысы Олег Гончаровтің айтуынша, зауыт жылына 200 мың тонна газ өндіреді.

«Жоспар бойынша Қазақстан аумағында 2021 жылдан бастап жылына 620 млн куб газ өңдеуді көздеп отырмыз. Ал, келер жылғы Қостанайда салынатын зауыттың қуаттылығы жылына 200 мың тонна газ өндірмек», – дейді Олег Гончаров.

Айта кетейік, келесі жылы ашылатын жаңа зауыттың халық үшін берері мол болмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version