Басты бет Қоғам Бүгін ЮНЕСКО-ның туған күні

Бүгін ЮНЕСКО-ның туған күні

Бүгін 2017 жылдың 16 қарашасы, күн - бейсенбі. Бұл күн тарихта қандай айтулы оқиғаларымен есте қалды? Әлемдік күнтізбеге көз жүгіртейік.

Фото: Gorlovka.today

Бүкіләлемдік философия күні

2005 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 33 сессиясында бүкіләлемдік философия күні бекітілді. Атаулы күн жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде тойланады.

Халықаралық толеранттық күні

Сондай-ақ, бүгін төзімділіктің халықаралық күні тойланады. Бұл күн 1996 жылғы 12 желтоқсаннан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен атап өтіледі.

ЮНЕСКО-ның туған күні

Осыдан 72 жыл бұрын 1945 жылы 16 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы құрылды. Дәл осы күні Лондонда өткен конференцияда оның Жарғысы қабылданып, оған 37 мемлекет қол қойды. ЮНЕСКО Жарғысы 1946 жылы 20 мемлекет: Австралия, Ұлыбритания, Бразилия, Грекия, Дания, Доминикан Республикасы, Египет, Үндістан, Канада, Қытай, Ливан, Мексика, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сауд Арабиясы, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Франция, Чехословакия  және Оңтүстік Африка Республикасы бекіткеннен кейін күшіне енді.

1960 жылы Ұйым құрамына  Африканың 19 мемлекеті кірді. Ал Кеңес одағы құрамында болған бұрынғы 12 республика 1991-1993 жылдары аралығына ЮНЕСКО-ның мүше-мемлекеттері болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version