Басты бет Жаңалықтар Атырауда иппотерапия орталығы салынады

Атырауда иппотерапия орталығы салынады

Канистерапия орталығының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев аймақта жылқымен емдеу ісін дамытпақ.

©kk.wikipedia.org

«Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 5 жыл болды. Ұйым қызметі жұлын және бас миы зақымданған балаларды емдеу мен сауықтыруға негізделген. Осы уақыт аралығында канистерапия әдісі арқылы әр түрлі сырқатқа шалдыққан 300-ден астам бала ем-домнан өтті.

Ерлан Күмісқалиев енді жылқылардың көмегімен иппотерапия арқылы балаларды емдеуді ниеттеніп отыр. Иппотерапия орталығы Атырауда кәсіпкерлер мен ынталы азаматтардың қолдауымен салынады.

Орталық басшысының айтуынша, жергілікті билік арнайы 5 га жер телімін берген.

«Екі жыл бұрын біздің екі тренеріміз Грузияда біліктіліктерін арттырып, иппотерапевт-инструктордың халықаралық сертификатын алды. Содан кейін жылқылармен емдеу орынын ашуды жоспарладық. Жергілікті билік 5 га жер телімін берді, енді кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың көмегімен иппотерапия орталығының құрылысы басталды, — дейді Ерлан Күмісқалиев.

Айта кетейік, орталық құрылысы Атырау қаласының маңындағы Ақжар ауылында бой көтерді. Келер жылдың көктемінде аяқталады деген жоспар бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version