Киікбай Байқараұлы (1693-1741) – ХVІІІ ғ. жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерен ерлік көрсетіп, елімізді жаудан қорғау жолында батыр атанған. Қазақ-жоңғар шайқасында қаза тапқан, ержүрек жауынгер Киікбай батырдың мазары 275 жыл бұрын тұрғызылған.
Қазақ халқында әр рудың көшіп жүретін өз жолы болған. Қазақтар — бүкіл өмірін көш үстінде өткізген халық, сондықтан да Киікбай батыр туралы әртүрлі тарихи естіліктер қалыптасқан. Жергілікті халық Киікбай батырдың ата-тегі найман-бағаналы-жырық дейді. Алайда Батыс Моңғолиядан келген қандастарымыз Киікбай батырды керей руына жатқызады.
Қазіргі кезде көлемі дөнгелек мазардың алдыңғы бөлігі жартылай сақталған, қарама қарсы қабырғасы бұзылған және құмған тастармен толтырылған. Ескерткіштен жақын жерде Киікбай адыры бар.
ХХ ғ. аяғында Киікбай батырға арналған тағы бір мазар қойылған. Қабырғасы дөңгелек жаңа үлгіде тастан қаланған мазар ортағасырдағы ескерткіштерге ұқсайды. Жоғары жағы жартылай ашық, жалпақ кең көлемде төңкерілген ислам рәмізін растайтын жарты айдың белгісі күмістелген.
Ескерткіш тақтада жазылған «Байқараұлы Киікбай. 1693-1741 жж.» жазуында батырдың әкесінің аты мен өмір сүрген жылдары сәйкес келеді.
Осы жерде өткен ғасырдың 50-жылдарында ХVІІІ ғасырдағы қазақ жауынгерінің сауыты табылды. Кездейсоқ табылған бұл сауыт қазіргі кезде Атбасар тарихи-өлкетану музейінде сақталуда.