Басты бет Жаңалықтар «Хабар» арнасынан отандық «Ана жүрегі» кинокартинасы көрсетілмек

«Хабар» арнасынан отандық «Ана жүрегі» кинокартинасы көрсетілмек

«Хабар» телеарнасында 14 қарашадан бастап «Ана жүрегі» картинасы көрсетілмек. Фильмнің режиссері - Санжар Омаров. 

©Khabar.kz

Туынды драма жанрында түсірілген. Кинокартинада отбасы құндылықтары, ананың балаға деген шексіз махаббаты суреттеледі.

Режиссер Санжар Омаровтың айтуынша, сюжет шынайы оқиға желісіне құрылған.

«Сериалдың сюжеті шынайы оқиға желісіне құрылған. Яғни, бұл оқиға өмірде болған. Тек кейіпкерлердің есімдері мен белгілі бір жайттар ғана өзгертілді. Экранның ар жағында отырған әр көрермен шынайылықты қалайды, оларды алдау қиын. Сондықтан, «Ана жүрегі» көпшіліктің көңілінен шығады деп сенеміз» — дейді Санжар Омаров.

Фильмде басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар-Ханинга сомдайды.

Айта кетейік, «Хабар» арнасы жаңа маусымда көрерменге тарту еткен төртінші туынды. Мұның алдында «Қария», «Абзал жан» және «Мезгілсіз махаббат» деген фильмдер шықты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version