Басты бет Жаңалықтар Өзбекстанның төл мессенджері жүйеге қосылмақ

Өзбекстанның төл мессенджері жүйеге қосылмақ

Жақында "Өзбектелеком" төл мессенджерін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жүйе  Uzphone деп аталмақ. Аталмыш мессенджер Telegram, Skype, Viber және WhatsApp мессенджерлеріне балама болады.

Фото: CA-News

«Өзбектелеком» компаниясы филиалының директоры Марат Фаттаховтың айтуынша, мессенджер екі ай көлемінде бета-сынақ деңгейінен өтеді.

«Ол әзірге жаппай қолданысқа шыққан жоқ. Екі айдың көлемінде бета-сынақ деңгейіне өтеміз. Келесі жылы оны ресми түрде көпшілікке таныстырамыз» деді, — «Өзбектелеком» компаниясы филиалының директоры Марат Фаттахов.

Компания бір уақытта 1 миллион қолданушыға қызмет көрсетуге әзір.

Айта кетейік, бұған дейін республикада әлеуметтік желілердің «Одноклассники» және Facebook-ке балама түрлері жасалған, бірақ олар өзбекстандықтар арасында аса танымал бола қойған жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version