Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда Дельфий ойындарына үміткерлер анықталды

Көкшетауда Дельфий ойындарына үміткерлер анықталды

Көкшетауда сегізінші рет аймақтық Дельфий ойындары өтті. Ойын қорытындысына сәйкес 17 үшінші орын, 15 екінші орын және 16 бірінші орын иегерлері анықталды.

Олар енді Петропавлда өтетін республикалық жарыста Ақмола облысының намысын қорғайды.

Конкурсқа 10-21 жас аралығындағы 130 талант қатысты. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Біржан сал атындағы музыкалық колледжде өтті.

«Облыста 20 аталымның әрқайсысында – театр және фотоөнер, аспаптық, вокал, эстарада және халық музыкасы, кино режиссурасына сай келетін дарындылар көп. Дельфий ойындары – өнердің ең жоғары форумы және бұған сегізінші рет көзіміз жетіп отыр. Аймақта сегізінші рет ұйымдастырылды», — деді дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ольга Ковалева.

Конкурсқа қатысушылардың бірі – Данияр Жолбарысов. Ол конкурсқа екінші рет қатысып жатыр. Данияр бірінші турда джаз жанрында ән айтты, ал екіншісінде халықтың «Туған жер» әнін орындады.

Конкурс нәтижесі бойынша 17 үміткер үшінші орын, 15 – екінші орын, 16 жас талант үшінші орын иеленді. Енді олар республикалық Дельфий ойындарында Ақмоланың намысын қорғап, өнер көрсетеді. Ақтық сайыс Петропалда қарашаның 1-і мен 5-і аралығында өтеді.

Айта кетейік, Дельфий ойындары өнердің классикалық түрінен бастап заманауи жанрына дейін біріктіреді. Оның мақсаты – мәдени мұраны дәріптеу, ұлттық өнердің дамуына үлес қосу.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version