Басты бетЖаңалықтарБұланды ауданында...

Бұланды ауданында өрт бекеті ашылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, облыс әкімдігінің қолдауымен Новобрасткое ауылында ашылған өрт бекеті сол маңдағы Будёновка, Добровольное, Красносельское елді мекендерді және орманды алқаптарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етеді. Нысанның ашылуы салтанатына Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс полковнигі Манарбек Шапағатов және Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Ораз Смағұлов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Өрт бекетіндегі арнайы өрт сөндіру техникалары жəне құрал-жабдықтармен камтамасыз етуді осы ауылдағы «СХП Новобратское» ЖШС өз мойнына алды.