Қырғызстан Бабалар өсиеті және тарих күнін белгіледі

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бабалар өсиеті және тарих күнін белгілеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күндер 7 және 8 қараша күнтері атап өтіледі, деп хабарлады мемлекет басшысының аппараты.

Бұған қоса президент Ленин шыңын Манасқа өзгертуді ұсынды. Қырғыз басшысының пікірінше, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейінгі Қазан төңкерісі қырғыз халқына дербес мемлекеттілікті жаңғыртуға алғышарт болды. Дегенмен, соңғы жылдары 7 қарашаның мәні кетіп барады.

«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен қайғылы оқиғаларға, 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне, советтік кезеңнің сабақтары мен мұрасына, бұған қоса бабалар өсиетін сақтау үшін 7 және 8 қарашаны Бабалар өсиеті және тарих күні ретінде жариялауға қаулы етіледі», — делінген президент жарлығында.

7 қарашада Қырғызстанда Ұлы Қазан социалистік төңкерісінің күні ретінде атап өтіледі. Мұндай мереке бұрынғы совет елдерінде Беларусь пен Қырғызстанда ғана бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version