Басты бет Жаңалықтар Әскерге Жайық бойынан жас сарбаздар аттанды

Әскерге Жайық бойынан жас сарбаздар аттанды

Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері департаменті Оралдағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықпен бірлесіп, күзгі әскер қатарына шақырылғандарды салтанатты шығарып салуға арналған «Жолың болсын, жас сарбаз!» атты патриоттық акциясын өткізді.

©Өңірлік коммуникация қызметі

Шараны БҚО қорғаныс істері департаментінің бөлім басшысы М.Сарсенғалиев пен БҚО жастар ресурстық орталығының басшысы М.Әбілқас құттықтау сөзбен ашты.

Әрі қарай патриоттық әндер шырқалып, әскери өмірдің бір күнінен бейнеролик көрсетіліп, ұлдарын шығарып салуға келген ата-аналардың ақ тілегі тыңдалды.

Сонымен қатар, шараның арнайы қонағы, еңбек ардагері С.Алдабергенов болашақ Отан қорғаушыларға әскери өмірдің қиыны мен қызығын түсіндіріп, сарбаздарға артылатын сенімнің зор екенін, әр ер азаматтың Отан алдындағы борышын орындау қасиетті міндеті екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version