Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті

Көкшетауда ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті

Егде адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығы аясында ардагерлер арасында Көкшетау қаласы әкiмiнiң жүлдесi үшiн шахматтан турнир өткiзiлдi. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

©kokshetau.akmo.gov.kz

Аталған шараның жабылу салтанатына қатысқан қала әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренова жеңiмпаздарға қала басшысының атынан сый-сыяпат жасады.

Жыл сайын өткiзiлетiн дәстүрлi спорттық бұл шараға осы жолы 26 ардагер қатысты. Олардың бәрi де көптен берi шахмат пен дойбы ойнап, ысылған кәнiгi үмiткерлер. Арасында жетi бiрдей спорт шеберлiгiне кандидаттар да бар.

Сонымен шаршы тақтадағы тартыс-ты ойын нәтижесi бойынша Сәбит Убышев, Алпыс Жұрын, Сәкен Тәңiрқұлов, Серiк Құрманғожин, Абай Кәмелдинов, Тасжан Тайлақов жеңiмпаз атанды. Жүлдегерлердiң алтау болу себебi турнирге қатысушылардың санына байланысты ұйғарылды.

Сонымен бiрге төрешiлер алқасының шешiмiмен Сайлау Көшкенұлына «Жеңiске деген құштарлық» жүлдесi берiлдi. Марапаттау рәсiмiн қорытындылай келе, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев турнирге қатысушылардың бәрiне алғысын бiлдiрiп, спорттық-сауықтыру шаралары алдағы уақытта да үзбей өткiзiлетiндiгiн айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version