Басты бет Жаңалықтар Əлемдік деңгейдегі музыканттар мен фольклорлық ансамбльдердің фестивалі өтті — Ақмола облысы

Əлемдік деңгейдегі музыканттар мен фольклорлық ансамбльдердің фестивалі өтті — Ақмола облысы

Шараға Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарынан келген әлемдік деңгейдегі музыканттар мен фольклорлық ансамбльдер қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

©Ақмола облысы

Фестивальде жергілікті өнер шеберлері мен Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қалаларынан келген танымал ұлттық музыкалық-фольклорлық ансамбльдердің орындауындағы шығармалар көпшіліктің көңілінен шықты.

Кеш барысында фестивальдің көркемдік жетекшісі Еділ Хусайыновтың жетіген, сазсырнай, сыбызғы тәрізді қазақтың музыкалық аспаптарында орындаған күйлері құлақтан кіріп, бойды алғандай әсер қалдырды.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында ұйымдастырылған шара соңында сахна төріне шыққан барлық өнерпаздарға облыс әкімі Мəлік Мырзалиннің атынан ықылас гүлшоғы тапсырылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version