Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Жастар өзін қалай тәрбиелеуі керек?
Жастық шақ - адамның дамуы мен кемелдікке жетуі үшін берілген мүмкіндік. Мағжан Жұмабаев жырлағандай, "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты" шақты текке өткізу - ең құнды байлығыңды асау ағысты өзенге лақтырып жібергенмен тең. Қазіргі уақыт жастардан білімді, білікті, бәсекеге қабілетті болумен қатар, адамгершілік пен рухани байлықты талап етеді. Ол үшін ата-анадан алған тәрбие аздық етеді. Адам өзі ізденіп, өзін тәрбиелеуі керек.