Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда бағаны тұрақтандыруға қатысты «Көкше өнімдері» жобасы басталмақ

Көкшетауда бағаны тұрақтандыруға қатысты «Көкше өнімдері» жобасы басталмақ

Көкшетау қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында  «Көкше өнімдері» жобасы бастау алады.

Фото: Kazanfirst

Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ы ұсынған жобаны талқылауға арналған мәжілісте  айтылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Есіл» ӘКК ҰҚ» АҚ-ы басқармасының төрағасы Қазыбек Ескендіровтің айтуынша, жоба ағымдағы жылдың 1-ші қарашасынан бастау алады.

Бүгінгі күнге дейін облыс орталығының 12 ірі сауда орындары жаңа жобаға қатысуға келісім берсе, жуық арада олардың қатары 20-ға жетеді. 

Жобаға 13 өнімнің түрін шығаратын 100 астам ауыл шаруашылығы туараларын өндірушілер қатыстатын болады. Қазірдің өзінде оның 35 келісімшарт жасалынған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version