Басты бет Жаңалықтар Н.Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау өткізді

Н.Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау өткізді

Бүгін Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Н. Нығматулин партияның Атырау облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады, - деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.

Спикердің қабылдауына келгендер «Атырау — Астрахан» жолының жөнделуі, жаңа мектеп салу, тұрғын үйлердің газбен қамтамасыз етілуі басқа да әлеуметтік мәселелерді алға тартты.

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арада болған келісімдердің орындалуын бақылауға алмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version