Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ Бас хатшысымен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет келген ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанға арналған елдік бағдарламасы инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуге, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге, сондай-ақ гендерлік мәселелерді шешуге жағдай жасауға бағытталған.

«ЭЫДҰ елдері Қазақстан үшін үлгі тұтатын бағдар болып табылады, сондықтан ынтымақтастық біз үшін маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

А.Гурриа елде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді және ЭЫДҰ-ның елімізге қажетті консультативтік көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

ЭЫДҰ басшысы Сенат төрағасын Ұйымның парламенттік шараларына қатысуға шақырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжірибесін барынша пайдалануға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін келешекте Ұйымның сараптамалық әлеуетін пайдалануға ниетті екенін атап өтті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version