Басты бет Жаңалықтар Барак Обама саясатқа қайта оралатынын мәлімдеді

Барак Обама саясатқа қайта оралатынын мәлімдеді

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама өзінен кейінгі сайланған президент Дональд Трамптың саясатына көңілі толмайтынын білдірді.

Бейсенбі күні Фил Мерфидің Нью-Арктегі сайлауалды науқаны аясында акция өтті. Шара кезінде Барак Обама Вирджиния және Нью-Джерси штаттарының губернатор сайлауында Демократиялық партия өкілдерін қолдайтынын мәлімдеді.

Одан соң экс-президент Ричмондқа барып, Вирджиния штатының губернаторлығынан үміткер Ральф Нортамға қолдау білдірді.

АFP-дің хабарлауынша, шарада сөйлеген сөзінде Обама қазіргі президентті қатаң сынға алған. Аталған штаттардағы губернатор сайлауы 7 қарашада өтеді.

Айта кетелік, Барак Обама президент лауазымынан кеткеннен кейін саяси аренада көрінбей жүрген еді, тіпті халық алдында сөйлеп, сұхбат та бермеген. Ал Ричмондтағы шараға қатысатыны белгілі болған соң, оған келушілер легі күрт артқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version