2018 жылдан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Яғни, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек көлемін алдағы жылдан бастап 25%-ға көбейту жоспарлануда.

Қазақстандықтарға 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек беудің жаңа бағыты қабылданып, осының негізінде Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында ақшалай көмек төлемдері бойынша «Өрлеу» ілкі жобасы енгізілген болатын.

«Өрлеу» жобасы Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы енгізілген болатын. Жоба бүгінге дейін өңірдегі қалалар мен барлық аудандарды қамтыды. Осы уақытқа дейін аталған жобаға 8000-нан астам адам, шамамен 1900-дей отбасы жұмысқа тартылды.  Жалпы көрсеткішті тарқатып айтар болса, 2188 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 1490 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 698 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Осылайша жобаға қатысқан облыс тұрғындарының табысы орта есеппен 3 есеге артты», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, республика бойынша «Өрлеу» ілкі жобасы енгізілгеннен бүгінге оған 161,7 мың қазақстандық қатысты.