Басты бет Жас ғалым Қазақстанда Microsoft компаниясының академиясы ашылады

Қазақстанда Microsoft компаниясының академиясы ашылады

Елімізде Microsoft академиясы мен инновациялық-инжинирингтік орталық ашылады. Бұл туралы Қызылорда өңірінің басшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.

©Fainaidea.com

«2016 жылдың сәуір айында Қызылорда өңірі республика облыстарының ішінде алғашқы болып Microsoft компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Шілдеден бастап жоғары білікті мамандар онлайн режимде білімін шыңдауға кірісті. Біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Microsoft академиясын ашу туралы келісім жасалды», — деді әкім.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version