Басты бет Жаңалықтар Беларусь алғашқы болып «талер» криптовалютасын шығарды

Беларусь алғашқы болып «талер» криптовалютасын шығарды

Криптовалютаны құрастырушылардың қатарында беларусьтік экономистер, IT мамандары, журналистер бар. Олардың айтуынша, талер елдің ұлттық валютасы — беларусь рубліне ешқандай байланбаған.

Беларусьтің ұлттық криптовалютасы қазір қолданысқа еніп кетті. Оның негізінде арнайы криптоәмияндар да ашылды. Валютаны алдағы уақытта экономикаға тереңінен енгізу жоспарланып отыр.

Талердің негізін қалаушылардың айтуынша, ол алдағы уақытта инфляцияны төмендетуге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, талер биткойнның баламасы негізінде жасалған. Валюта орталыққа бағынбайды. Оның біріңғай эмиссиялық орталығы да жоқ. Валютаның шығарылымы қатаң шектелген, тек 23,3 миллионы ғана шығарылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version