Басты бет Жаңалықтар Енді Шымкент пен Ташкент арасында арнайы автобус қатынайтын болды

Енді Шымкент пен Ташкент арасында арнайы автобус қатынайтын болды

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті.

ҚР Инвестиция және даму министрі Женіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалдайтын тұрақты автобус қатынасы жүргізілмейді. Бұл шекарадан өту кезінде қиындықтар тудырады.

«Осыған байланысты ағымдағы жылы Шымкент пен Ташкент арасында тұрақты автобус қатынасын орнатуды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылы басқа да ірі қалалар арасында автобус қатынасын орнату жоспарланып отыр», — деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, бұл хаттама екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастың дамуына және екі жақты қатынастарды нығайтуға әсер етеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version