Басты бет Жаңалықтар Көкшетаулық палуан Мұхтар Усин күрестен әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді

Көкшетаулық палуан Мұхтар Усин күрестен әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді

Болгарияның Пловдив қаласында ардагерлер арасында өткен байрақты додаға Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болған Ақмола облысынан төрт палуан қатысты.

Көкшетаулық Мұхтар Усин 70 келі салмақта грек-рим күресі бойынша боз кілемге шықты.

Алғашқы белдесуде жерлесіміз 4-1 ұпаймен ирандықтан басым түсті. Ал, жартылай финалда әлемнің 5 дүркін чемпионы француздық Георгий Христовқа есе жіберіп алды. Қола медаль үшін күресте алаң иесінен 1-0 ұпайы айырмасымен айласын асыра білді. Осылайша, тартысты белдесуде Мұхтар Усин үшінші орыннан көрінді.

«Менің алаң иесін 1 ғана ұпай санымен жеңдім. Бұл мен үшін соңғы үш чемпионаттағы ең ауыр белдесу болды», — деді М.Усин.

Мұхтар Усин Көкшетаудағы №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры.

Аслан Оспанов

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version