Басты бет Жаңалықтар Түркия мен Ресей елшіліктері өзара виза беруді тоқтатты

Түркия мен Ресей елшіліктері өзара виза беруді тоқтатты

Бұған екі ел арасындағы дипломатиялық дау себеп болған. Екі ел арасындағы дау өткен аптада Стамбулда АҚШ консулдығының қызметкері ұсталғаннан кейін басталды.

Түрік билігі оны Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деп айыптаған.

Анадолу мемлекеттік агенттігінің хабарлауы бойынша, консулдықтың қамауға алынған қызметкері – Түркия азаматы.

«Жақында болған оқиғалар Түркия үкіметін АҚШ-тың түрік миссиясы мен қызметкерлерінің қауіпсіздін қамтамасыз ету туралы уәдесін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Осы уақыт аралығында біздің АҚШ-тағы дипломатиялық және консулдық миссияларымызға келушілер санын барынша азайту үшін Америка азаматтарына виза беруді уақытша тоқтаттық», — деп мәлімдеді Түркияның Вашингтондағы елшілігі.

Елшілік бұл шараның қағаз және электронды, сондай-ақ, шекарада берілетін визаларға қатысты екенін айтты.

Айта кетейік, АҚШ-тың мәлімдемесінде Американың Түркия аумағындағы барлық дипломатиялық мекемесінде иммиграциялыққа жатпайтын виза беру уақытша тоқтатылғаны айтылған еді. Иммиграциялыққа жатпайтын виза туристерге, сонымен қатар, АҚШ-қа оқуға, емделуге немесе бизнес үшін баратындарға беріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version