«Открытая Азия онлайн» осы кезге дейін жарияланған ақпараттың бәрін жинақтап, осы іске қатысты бес деректі анықтады.
1. Оқиғалар реті
15 ақпанда сағат кешкі алты жарымда 33 жасар әйел өз үйінен бес жасар баласының қанға бөккен денесін тауып алды. Ана жедел жәрдем шақырып, келген бригада баланың өлі екенін анықтап, полицияға хабар берді. Жедел іздестіру тобы үйден 30 мың теңге ақша жоғалғанын анықтады. Оқиға орнында қылмыскердің саусақ таңбалары мен аяқ киімінің ізі қалған. ҚР ҚК 99 бабының 2-тармағы («Кәмелетке толмаған тұлғаны өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғап, полицейлер күдіктіні іздеуге кірісті.
Ертесінде бала өлтірді деген күдікті анықталып, тұтқындалды. Он жеті жасар Дурсун Каваз-оғлы көрші үйде тұрады екен. Күдікті қылмысын мойындап, тергеу эксперименті барысында баланы қалай өлтіргенін айтып, полицейлерге қылмыс жасаған қаруы — пышақты шығарып берді.
Сол күні, 16 ақпанда, шамамен кешкі сағат сегізде Бурылдың орталығында 110 адамнан тұратын топ жиналып, күдіктінің отбасы ауылдан көшіп кетуін, ал тұтқынның өзі барынша ауыр жазаға тартылуын талап ете бастады. Жағдайды ушықтырған — Дурсун Каваз-оғлы психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрғаны, сондықтан да жазадан құтылып кетуі мүмкін екені туралы қауесет. Жиналғандардың алдына билік өкілдері мен құқық қорғаушылар келді, олардың арасында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен ІІД басшысы Бекет Аймағамбетов бар. Олар жұртты үйлеріне қайтуға көндіре алды.
Келесі күні толқу қайта бұрқ етті. Рұқсатсыз митингке жүзден аса адам шықты, тек бұл жолы жиналғандардың көбі жастар еді. Ызалы топ күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, оның да, туыстарының да жазасын өзіміз береміз деп даурықты. Кей деректерге сүйенсек, күдікті этаппен облыс орталығына жөнелтіліп, отбасы өзге елді мекенге көшірілген. Халықтың толқуын басып, жаппай тәртіпсіздікке жол бермеу үшін ауылға шұғыл әрекет ету арнайы бөлімшесінің сарбаздары кіргізілді. «Азаттық» радиосының тілшісі арнайы бөлімше сарбаздарының жұмысын таспаға түсіріп алды.
Наразы ауыл тұрғындарымен әкімдік өкілдері, прокуратура және полиция қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен дін өкілдері кездесті. Әрең дегенде жастардың тілін тауып, жиынды таратты. Сонда да, 17 ақпан күнгі кешке дейін ауылды полиция қоршап тұрды. Арнайы бөлімше сарбаздары оқиға орнынан тек келесі күні кетті. Қазір жергілікті билік оқиға тұтастай бақылауға алынғанын мәлімдеп отыр.
2. Өлген бала
3. Тұтқын
Д. Каваз-оғлының ұлты түрік, алыс жолға жүретін жүк көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін 55 жасар ағасының үйінде тұратын. Жеңгесі 54 жаста, үй шаруасында. Дурсунды туыстары асыранды бала деп атайтын. Өз ата-анасы басқа ауданда тұрады.
4. Ұлт мәселесі
Осы ұлт мәселесін, дәлірек айтқанда, ұлтаралық алауыздық туындауының алдын алу үшін ауылға құқық қорғау, атқарушы және қадағалаушы органдарының қызметкерлері көптеп жіберілген сияқты. Әрине, қай жерде де ҰҚК қызметкерлерінсіз іс бітпейді. Біреулер тіпті өрт сөндірушілер көлігін суретке түсіріп алыпты (оларды митингті тарқату үшін жіберді ме, әлде біреулер от қояды деген қорқыныш болды ма — ол жағы белгісіз).
Әкімдік те қарап қалмады. Аудан басшысы қылмыскер сот алдына барып, тиісті жазасын алатынын, ал Д. Каваз-оғлы психикалық науқас деген анықтамасы бар екені бар болғаны сыбыс қана дегенді айтты.
Жағдайды реттеуге жергілікті ақсақалдар алқасы мен түрік диаспорасы өкілдері де үлес қосты. Олар қайтыс болған баланың отбасына бүкіл этнос атынан көңіл айтып, кешірім сұрады. Tengrinews.kz хабарлағандай, түрік бірлестігінің жетекшісі Давришев, Бурыл ауылы имамының орынбасары Жамисар Кожа (фотода), этномәдени бірлестік жетекшісі Омад Басадов кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, олар өлген баланың отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ, түрік диаспорасы баланы жерлеу және асын беру шығындарын көтеретін болды. Одан бөлек, ақсақалдар баланың өліміне күдікті жігіттің отбасы тұрып жатқан үйді баланың туыстарына беру туралы шешім қабылдады. Алайда, әзірге бұл заңдық тұрғыда қалай рәсімделетіні және Алмастың туыстары баласын өлтірген адам (әрине, Д. Каваз-оғлының кінәлі екені сотта дәлелденсе) тұрған үйде тұра алатын-тұра алмайтыны белгісіз.
Жамбыл облысының Байзақ ауылы тұрғындарының ұлттық құрамы әр алуан. Бурыл ауылында да солай. Ауылдық округте 12 631 адам тұрады. Олардың ішінде 8120 адам – қазақ, 2530 – түрік, 854 – әзірбайжан, 550 – орыс, 249 – армян, 71 – күрд, 64 – украин, 57 – кәріс, 51 – неміс, 45 – өзбек, 21 – татар, 19 – үйғыр.
P.S.: 19 ақпанда «Открытая Азия онлайн» редакциясына Бурыл ауылының тұрғындары хабарлағандай, ауылда әлі де күшейтілген полиция құрамы тұр. Көшеде патруль жүреді. Ауылға кірген-шыққанның бәрін ІІМ қарулы күштері бақылап отырады.
Олтирмей ак коркытып, болмаса алдап кетседе бишара бала унсиз отыратын еди го олтиргенше жазыксыз баланы
Бір құмалақ бір карын майды шірітеді деген осы.Алла сабыр берісін бәріне.Біреуінің ажалы біреудің азабы келіп тұрда.Әкімдеріне рахмет сабырлықа шақырып тыныштандырған.
Бұл оқиғаға байланысты ұлтаралық араздық жоқ екенін жергілікті ақсақалдар мен билік өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізген екен. Бұны халық түсіністікпен қарап, өлтірген баланың отбасын көшірсін деген билікке қойған талаптары да жөн болыпты.
Соңғы уақытта осындай оқиғаға ұқсас, елімізде болып жатқан жағдайларды да, ұлтына қарамай, осылай жер аударып, көшіріп отыру керек. Себебі, біздің өз қазағымыздың отбастарында бұдан да сорақысы болуда. Ондай отбасылар жергілікті халыққа, болашақ ұрпаққа қандай үлгі болады?! Сондықтан да, ауыр қылмыс немесе ауыр бұзақылық жасаған жағдайларда, қылмыскерлердің отбасын да жер аудара отырып, бұрыңғы ата-баба жарлықтарынан пайдаланған жөн болады. Сонда барып, ұлтараздық оқиғалардың болмауы әбден мүмкін.
Жаратқан Алламыздан елімізге тыныштық тілейік. Бізді кездейсоқ апаттардан, дұшпандарымыздың жасаған, жасамақшы болған қастандықтарынан, дұшпандықтарынан Алла сақтасын!
аумин
Өмірден өткен баланың суретін жариялау үшін автор əке-шешесі мен туыстарынан рұқсат алды ма екен? Жалпы, осылай жариялау қажет пе? Жоғалып кетсе жариялауға болар, суреті тексеру тергеуде қажет шығар. Туғандарына бала өлімі қабырғаларына батып отырғанда, суреті əр арна мен интернетте көрсетіле берсе отқа май құйғандай болмай ма? Азаптап не қинап, болмаса зорлап өлтірілген қыз я ұлдың суретін ақпарат құралдарына жария етуде белгілі құқық органдарынан тыйым салуға бола ма?
Өтте дурыс айтасыз «жайыктын жагасында». Озы кайгы жамылып отырган отбасын кайтадан еске тусырып корсету дурыска жатпайды!!!
Кайгыларына ортакпын. АРТЫНЫН КАЙЫРЫН БЕРСИН. БИРАК МАЗАК КЫЛГАНДАЙ АДАМ ОЛТИРГЕН КАНПЕЗЕРДИН УЙИН БЕРГЕНИ НЕСИ Алмастын ата анасына, Калай олар ол уйде турады санага сыймайтын дуниегой мынау,Баска жерден берсе бир сари ,мен тук тусинбедим ????????????????
Олар үйді алмайтын болыпты. Сол ауылдың тұрғындарынан естідім. Алмағаны дұрыс қой, әйтпесе қазақтың намысына тиетін әрекет деп түсінем.
Өлтірген баланың ағасын бауыздап өлтіріпті, қазақ жігіттер деген суреттер келген еді WhatsAppтан, сол распа?Рас болса Ол туралы неге ақпарат берілмейді?