Басты бет Таным Әдебиет бойынша биылғы Нобель сыйлығының иегері Кадзуо Исигуроның ойлары

Әдебиет бойынша биылғы Нобель сыйлығының иегері Кадзуо Исигуроның ойлары

Әдебиеттен Нобель сыйлығын британдық Кадзуо Исигуро алды. Сыйлық жазушыға романдарының эмоционалды әсерлілігі үшін берілген. Жазушының ең үздік деп танылған кітаптарынан алынған ойларын назарларыңызға ұсынамыз.

©eksmo.ru

Кадзуо Исигуро — Ұлыбритания корольдігінің әдебиет қауымдастығының мүшесі. Оның шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған. «Уитбред», Букер сыйлықтарының иегері.

Өзіңе сырт көзбей қараған сәт — ес жидыратын сәт. Ол күн сайын қарап жүрген айнаңның жанынан өтіп бара жатып, бұрын-соңды көрмеген затты байқап, үрейлену сияқты («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Егер көңіліңдегі алаңды бөлісетін адам болмаса, қажет емес («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Мен болған оқиғаны болмағанға айналдыруды қатты қаладым және олар туралы тіс жармау арқылы өзіме де, өзгеге де жақсылық жасап жүрген сияқтымын («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Өзіңнің көп оқығаныңды көрсетудің ең тиімді жолы — адамдарға олар әлі оқымаған кітаптың желісін айтып беру («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Өмір бойы «осылай болар ма еді?» деп ойлай беруге болмайды. Өміріңнің өзгелердікінен кем емес екенін түсінетін уақыт жетті. Одан да рахмет айтқан дұрыс («Остаток дня» кітабынан).

***

Мүмкін оның өткенге қарайлай беруді доғарып, болашаққа үмітпен қарауды үйрену және берілген күнді пайдалы өткізу туралы кеңесіне құлақ түру керек шығар? («Остаток дня» кітабынан).

***

Егер осы жасыңызда барлығына қол жеткіздім деп ойласаңыз, мүмкіндігіңіз жететін шыңға ешқашан көтеріле алмайсыз («Остаток дня» кітабынан).

***

Жастық шақта көп нәрсе жалықтыруы мүмкін. Бірақ кейін, есейген кезде, олардың сен үшін маңызды болғанын түсінесің («Художник зыбкого мира» кітабынан)

***

Өткенді еске алған жақсы, бірақ онымен өмір сүруге болмайды («Безутешные» кітабынан)

***

Адамның жасы емес, өмірлік тәжірибесі маңызды. Жүз жасқа келсе де өмірден ештеңе түймегендер болады («Там, где в дымке холмы» кітабынан)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version