Басты бет Жаңалықтар Астанада қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғары — Зәуреш Әбдиева

Астанада қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғары — Зәуреш Әбдиева

Астанадағы қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг бөлімінің бастығы Зәуреш Әбдиева айтты.

©Көрнекі сурет

Оның айтуынша, ластану себептерін ҚР Энергетика министрлігінің Комитеті анықтайды.

«2017 жылғы тамыз айындағы бақылау нәтижелері бойынша Астанадағы ластану деңгейі жоғары бағаланады. Шапағатта (коммуналдық базар — ҚазТАГ) және Тұран даңғылындағы бекеттердің мәліметтеріне сәйкес. Біз себептерін анықтай алмаймыз, себептерді анықтау үшін біз экологияны реттеу  комитетіне барлық ақпаратты ұсынамыз», — деп мәлімдеді бүгін үкіметте өткен брифингте З. Әбдиева.

Айта кетейік, аймақ жоғары және өте жоғары ластанған жағдайда, барлық телефон арқылы алынған хабарлар тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде ҚР ЭМ  экологиялық реттеу комитетіне және облыстардағы аумақтық экология департаменттер бөлімшелеріне жіберіліп отырады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version