Басты бет Жаңалықтар Астанада зарарсыздандырылу үшін үй жануарларына екпе салынуда

Астанада зарарсыздандырылу үшін үй жануарларына екпе салынуда

Аталған қызметті пайдалану үшін жануардың иесі ит пен мысықты тіркеп, зарарсыздандыратын «Астана Ветсервис» ветиринарлық мекемесіне баруы керек.

©Aikyn.kz

«Астана Ветсервис» ветеринарлық бөлімінің бастығы Ерлан Жекебаевтың айтуынша, кез-келген адам үй жануарларын вакциналай алады.

«Жануарларға адамгершілікпен қарау мақсатында әкімдікпен жануарларды зарарсыздандыруға қаржы бөлінді. Кез келген адам жануарларын тегін ектіре алады. Бірақ, қазір Белорусияда шығарылған «Берлап» дәрісі пайдаланылады, — деді  Ерлан Жекебаев.

Бүгінге дейін мыңнан астам жануар екпе салдырған. Алдағы уақытта 4 мыңға жуық ит пен мысық егілуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, құтырманың негізгі таратушысы  — жабайы түлкі мен атжалмандар.

«Астана Ветсервис» ЖШС директорының Бибол Бегалин аталмыш шара бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл үшін жасалуда.

«Сенбі күнге дейін 1 020 жануар залалсыздандырылды. Бұл бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалуда. Ал аулауға қатысты алар болсақ, көрсеткіштің төмендегені байқалады. Алғашқы жылдары 15 000 ит ауласақ, өткен жылы 9 610 ит құрықтадық. Ағымдағы жылы ауланған жануарлардың саны 5 670 құрады», — деді Бибол Бегалин.

Айта кетейік, акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version