Басты бет Жаңалықтар Ақмолалық биатлоншылар жазғы ел чемпионатында 10 медаль иеленді

Ақмолалық биатлоншылар жазғы ел чемпионатында 10 медаль иеленді

Ақмола облысының спортшылары Алматы облысының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткен биатлонна жазғы ел чемпионатында 10 медальға қол жеткізді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Жарыс жасөспірімдер мен  ересектер арасында өтті. Жеңімпаздар спринт, синглмикс (1 қыз және 1 ұл эстафетасы) және қуу түрлері бойынша анықталды. Ақмола облысы құрамасы сапында болған 11 биатлоншы 10 медаль олжалады. Оның үшеуі  алтын медаль.

Нақтырақ айтсақ, Алина Слепенко мен Петр Ермоленко (ұлдар мен қыздар) жұбы синглмикс бойынша бірінші орын, Анна Кистанова мен Тимур Хамитгатин жұбы үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, жекелей сынға түскен Петра Ермоленко күміс, Алина Райкова күміс және қол медаль, Роман Еремин күміс медаль олжалады.

Ал, нысана көздеу мен жылдамдығы жағынан қарсыластарынан оқ бойы озған  Анна Кистанова 2 «алтын» және 1 «қола» жүлдегер атанса, Алина Слепенко тағы бір қола  медаль салды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version