Астана әуежайындағы такси бағасы төмендейді

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінң ресми интернет-ресурсы.

Әуежайдан қалаға дейінгі үш шақырым қашықтықтан асатын тасымал қымбат болады. Әрі қарай әр шақырым үшін 100 теңге қосылып отырады.

Қала бойынша ең төменгі тариф – 500 теңге. «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы баға 700 теңгені құрайды.

«Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылды. «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш пен шағым білдіргісі келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне жаза алады», — деді елордалық жолаушылар қауымдастығының атарушы директоры Сәкен Ханхожин.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version