Басты бет Басты Нұрсұлтан Назарбаев орысшаға қазақ тілінде жауап берген қызметкерлерді жұмыстан қууды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев орысшаға қазақ тілінде жауап берген қызметкерлерді жұмыстан қууды тапсырды

Бүгін Алматыдағы Универсиада нысандарын аралап көрген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Ел президенті Қазақстанның тек көпұлтты емес, сондай-ақ көптілді ел екенін де атап өтті деп хабарлайды Skifnews.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Біз үштілді білім беру жүйесін енгіздік және бұл жолдан ауытқуға болмайды. Шенеуніктердің көбі заңнан озып, ел тұрғындарының бәрін қазақша сөйлеткісі келеді. Бірақ біз көпұлтты ел болғандықтан оған жол беруге болмайды», — деді елбасы.

«Менің байқағаным, біреу орысша сұраса, біздің мамандар оған қазақша жауап беріп жатады. Сонда прокуратура қайда қарап отыр? Егер азамат орыс тілінде өтінім берсе оған орысша жауап беру керек. Егер орыс тілінде сұраған азаматқа қазақша жауап берсе ондай қызметкерді жұмыстан қуу керек!» — деп атап өтті Назарбаев.

Сонымен қатар Назарбаев бұндай орын алған бассыздықдықтарды президент аппараты барлық облыстардан тексеретінін қадап айтты.

«Мен ескертемін: Президент аппараты барлық облыстардан тексеретін болады. Бассыздықты доғарыңдар! Олай істейндіреді көптің алдында қызметінен кетіру керек. Себебі, бұл заңды бұзу!», — деді мемлекет басшысы.

Аталған жиын барысында президент жоғары білім жайында да сөз қозғады. Ол бірнеше диплом алып, оны пайдаға асырмайтындарды сынға алды.

24 пікір

  1. 25 жыл болды тәуелсіздік алғалы. Әлі тәуелсіз емес сияқтымыз. Одан да осы уақыт ішінде мемлекеттік тілді үйрене алмағандарды неге қумайды?

  2. Неге Араб тили емес орыс тили, осындай режим араб тилине орнатса терис дин деп шыгар еди,орыс тилине орнатылган режим неге терис емес.Не пайда орыс тилинен режим орнататындай, араб тилинен бар пайда. Бирак динде зорлык жок.

  3. Оз пайдасы ушин бурмалап озин де озгени де адастырып жатыр. Дурыстыкка жол берместен бурыс сойлеп жатыр.

  4. Басшыга багын деп имамдарга бурыс патуа шыгарткызып,дурысын айткандарды ар турли топка болип койып.

  5. Балаларыңды орыс мектептеріне шұғыл түрде ауыстырыңдар болашақта жұмыстан қуылмай, орыс тілін жақсы біліп жұмыс істей алуы үшін.

  6. Биз оларды сыйлаймыз.неге олар бизди сыйламайды.биздин тилимизди уйренбиди.Казакстанда тулган жокпа.кешириниз бирак мен зайырлы мемлекет дегенге карсымын.себеби.баска улттар биздин тилимизди мулдем сыйламайды.басынады.

  7. Не түсінбейтіні бар. Сұрақ үш тілдің қай тілде болса сол тілде жауап бер деп тұрған жоқпа.

  8. Олай болса орыстардан қазақша сұрайық ! олар, сонда бізге қазақша жауап берер ма екен? Жоқ,- заңды силамай, белінен басып бұзып өзінің орыс тілінде жауап бере ма екен?

  9. Президент дұрыс айтады . Енді кез келген жерде басқа ұлттардан Қазақ тілінде сұраңдар , Егер ол сенің мемлекеттік тіліңді менсінбей, орысша жауап берсе жұмыстан қуылсын.
    Мынау жақсы идея екен !

  10. Оз халкына(али жететинге) батыр,коркактын ангимес не уксап кетти. Корыкпайтын казакка бермей ма орынын. Осы уаккытка дейин тоймады ма екен.

  11. Халыктан жеген акшасын дурысын айткан халыкты кыруга жумсаганша,осындай буликтерди болдырмауга жумсамай ма,акша да бар билик те бар коркады.Сол мумкиндик халыкта болса го оз орынына кояды.

  12. Шымкент 18 ақпан 2016
    Президент дұрыс айтады . Енді кез келген жерде басқа ұлттардан Қазақ тілінде сұраңдар , Егер ол сенің мемлекеттік тіліңді менсінбей, орысша жауап берсе жұмыстан қуылсын.
    Мынау жақсы идея екен ! — 100 пайыз қолдаймын сені алдағы уақытта қазақшаға орысша жауап берсе солай істеу керек.

  13. Барi дурыс, мен бугiн бес адамга Казакша сурак койып орысша жауап алдым да ендi жумыстан куыласындар дедiм

  14. Енди со сегодняшнего дня буду тока ана тилимде сойлеймын, на шала казахском. Мені атып тастаңдаршы.

    • Бауырлар номери 935 сайлау учаскесиндеги мына мугалим келиншектин мунын тындадындар ма? Бул не деген басыну орыс азаматынын. Ол казак мектебинин мугалими орысша жауап кайтару миндет емес кой.Ел басымыз осы маселени кайта бир караса

  15. заң бұзушылық деп жазыпты.. туған жерінде жүріп ана тілінде сөйлеу бассыздық болыппа сонда? олай болса ондай заңдардың біз үшін не қажеті бар?!!! неге көп ұлтты деп сөз қозғай береді екен.. бірінші өз ұлтын ойлаудың орнына!!!!!!

  16. ҚАЗАҚ тілінде ғана сөйлейміз Назарбаев колынан келсе қазақшаа жауап берген қазақтардың басын алсын

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version