Мен Головкиннің фанатымын — Майк Тайсон

Абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің стилі ұнайтынын айтып, оның жанкүйері екенін хабарлады.

©Informburo.kz

Майк Тайсон Геннадий Головкиннің салмақ категориясына қарамастан, pound-for-pound бойынша үздік боксшы екенін айтты.

«Мен Генаның фанатымын. Ол pound-for-pound бойынша үздік. Гена рингте жәй ғана боксшы емес, нағыз жаналғыш. Ол рингке ұпай айырмасымен жеңуге шықпайды, қарсыласын жойып жіберуді мақсат тұтады. Головкин көрерменге қалаған нәрсесін бере алады», — деді Майк Тайсон.

2015 жылы көктемде Майк Тайсон Геннадий Головкинді «аңызға айналған кейіпкер» деп атаған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version