Жер шарындағы барлық адамға ортақ азаматтық берілуі мүмкін

 «Боливия миграцияны қылмыс деп танитын заңдарды қолдамайды. Барлық елдің адамдарына ортақ әмбебап азаматтық беруді ұсынамыз. Адамдардың ақшаға құнығуы әлеуметтік және көші-қон дағдарысына әкеліп жатыр. Әрине, экономикалық дағдарысқа жаңадан көшіп келген адамды кінәлауға болмайды»,- деді Моралес.

Президент мигранттарға қылмыскер ретінде қарауды доғаруға шақырды.

«Ешбір мигрант заң бұзушы емес. Кейбір мемлекеттер көші-қон мәселесін шешу үшін заңдарына өзгеріс енгізіп, қабырға соғумен ғана шектеліп жатыр»,-деді ол.

Эво Моралестің айтуынша, барлық адамдарда бірдей азаматтық болса, мигранттар мен тұрғылықты халық арасында ешқандай айырмашылық болмайды.

«Біз бәріміз Жер-Ананың баласымыз»,-дейді Моралес.