Басты бет Жаңалықтар Алматыда әлем қазақ жастары арасында футболдан турнир өтеді

Алматыда әлем қазақ жастары арасында футболдан турнир өтеді

Алматы қаласында 21-22 қазан аралығында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай Әлем қазақ жастары арасында ауқымды футбол бәсекесі өтеді.

Биылғы жылғы дүниежүзі қазақ жастары арасында өтетін шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі бар өмірін қазақ әдебиетін зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға арнаған ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығында арналмақ.

Ұймдастырушылардың айтуынша, шағын футболдан өтетін турнирдің мақсаты  — дүниенің төрт бұрышында жүрген қазақ жастарының өзара жақын қарым-қатынас орнатуына үлес қосу және олардың отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілігін еселей түсу.

Турнирге Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Моңғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын қандастарымыз және еліміздің әр облысынан қазақ жастары қатысады.

Жүлде қоры — 2 миллион теңге.

Турнир әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өтеді. Шараны «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version