Астанада құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділікті” қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда

Қылмыс деңгейі елордада 10 мың адамға шаққанда 28,7%-ға төмендеді. Ведомство мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда бұл 18%-ға төмен.

Қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуі пайыздық мөлшерде

Аса ауыр қылмыс (-28,2%), ауыр қылмыс (-8,5%), ауырлығы орташа қылмыс (-13,2%), аса ауыр емес қылмыс (-38,1%), өліммен аяқталатын оқиғалар (-32,4%), зорлау жағдайлары (-30,5%), қарақшылық (-24,3%), тонау (-15,7%), алаяқтық (-36,9%), ұрлау (-15,0%),оның ішінде пәтер ұрлығы (-4,9%), көлік ұрлығы (-50,0%), қарақшылық (-9,0%), есірткіге қатысты (-16,9%), көліктерді айдап әкету (-28,4%), сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс көрсеткіші (-6,1%), топтық қылмыс (-11,8%), қоғамдық жерлерде (-2,2%) және көшелерде (-19,0%).

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында құқықтық бұзушылықтарға қоғамда «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Астана қаласының ІІД xабарлағандай, жыл басынан 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың 3 296 фактісі ұсақ бұзушылық, 4 967 — тыныштықты бұзу, 13 879 — алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық жерлерде мас күйде жүру, 12 243 — белгіленбеген жерлерде темекі шегу, 17 226 — абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары, 1 331 — қоғамдық жерлерде адамдардын мазасын алу. 199 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.