Басты бет Жаңалықтар Мұғалжар ауданы әкімнің өзі «жарықты сөндір» деп өтініш жасаған

Мұғалжар ауданы әкімнің өзі «жарықты сөндір» деп өтініш жасаған

Таяуда Мұғалжар ауданы әкімінің есеп беруіне қатысқан Сапарбаев "Қайыңды ауылын 10 жылдан бері электр жарығымен дұрыс қамтамасыз ете алмай отырған Мұғалжар ауданы әкімі мен орынбасарының үйіндегі электр жарығын ажыратып тастау қажет" деген болатын.

Оның мұндай басқару стилі әлеуметтік желіде де қолдау тауып, халықшыл қадам ретінде бағаланды. Алайда бұл шулы оқиға басқаша жалғасын тапқан. Ақтөбе облыстық «Энергосистема» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, осы мекеменің бас инженері Марат Аманғалиев аудан әкімі мен орынбасарының үйінің электр қуаты ажыратылғанын растады. Бірақ оның айтуынша, «олардың үйіндегі электр қуаты облыс әкімінің бұйрығымен емес, аудан әкімі мен орынбасарының өз өтініштерімен өшірілген» болып шыққан.

Халықтан сұрау салған кезде Қайыңды ауылының тұрғындары ауылда электр жарығының жиі сөнетінін растаған.

5 пікір

  1. «Шаш ал десе бас алатындар» тіршілігі болған ғой, бұлазамат біздің облыста да басшы болған, азаматтық позициясын жоғары ұстайтын тұлға. Аяқтан шалушылардың әрекетіне әрдайым түсіп қалатынға ұқсайды, олда өзінің мейрімділігінен болар, халықпен жұмыс істеу оңай емес…

  2. Дурыс болган жарыкты оширсин деген карапаиым халыкты жарыксыз коиып еди енди ози жарыксыз калганы

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version