Басты бет Жаңалықтар Әлем барысы: Айбек Нұғымаров финалда

Әлем барысы: Айбек Нұғымаров финалда

Астанада өтіп жатқан «Әлем барысының» жартылай финалында Айбек Нұғымаров моңғолиялық балуан Серік Бердімұратты жеңді.

Жекпе-жектің 4-ші минутына дейін бір бүк ұпаймен және бір жамбас әдіспен Айбек ұтып жатқан еді. Бұдан кейін Серік Бердімұрат бүк ұпайын еселеп алды. Тартыстың аяқталуына 4 секунд қалғанда Серік барын салғанымен, жеңіс Айбектің қанжығасында қалды.

Моңғол балуаны төрешілердің бұл шешімімен келіспейтінін білдіріп, наразылығын білдірді. Алайда қазылар шешімі өзгерген жоқ.

Еске сала кетейік, қазақ балуандары арасында Айбек Нұғымаровпен бірге жартылай финалға Ержан Шынкеев те шыққан болатын. Алайда балуан Шынкеев грузиялық Гурам Тушашвилиден ұтылып қалды.

Енді жарыс финалында Айбек Нұғымаров грузин балуанымен кездеседі.

1 пікір

  1. Бейне жазбаға қайта жақсылап қараңыздар.жеңімпаз Серік гой.төрешілер аділдік жасамады бұл қазақ үшін масқара ғой

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version