Алматы маңында жер сілкінді

Бұл туралы Сейсмологиялық тәжірибе — әдістемелік экспидициясы хабарлады.

«Сейсмикалық станциялар жүйесі бойынша, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 15 мамыры күні Алматы уақыты бойынша сағат 07:25:38 шамасында жер сілкінісін тіркеді»,- делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 637 км қашықтықта солтүстік-шығыста орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0. Магнитудасы – 5,1 MPV. Тереңдігі – 5 метр.