Баян Есентаева кітабының тұсаукесерін Ақтөбе қаласында да өткізеді

Продюсер Баян Есентаеваның "Баян. Өзім жайлы ғана емес" кітабының тұсаукесері Ақтөбе қаласында 8 қыркүйек күні өтпек.

«Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабы — Баян Мақсатқызының бастан кешкен оқиғалары. Продюсер естеліктер кітабында өзі, отбасы және жеке өмірі туралы бар шындықты жазған.

Танымал продюсер әрі актриса өзінің кітабын Ақтөбе қаласында жеке таныстырып, қолтаңба береді. Кездесу KeruenCity сауда орталығында 8 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады.

Аталған кітап биылғы жылдың мамыр айында жазылған болатын. «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабы сатылымға 5 шілдеде шықты.

Ғұмырнаманың тұсаукесері Баян Есентаеваның қатысуымен Алматы, Астана, Шымкент, Орал және Бішкек қалаларында болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version