Польшаның бүкiл Орталық Азия елдерiмен сауда-саттық көлемiнiң 80 пайызы Қазақстанға тиесілі.
Бүгiнгi кездесуде екі мемлекет арасында 24 халықаралық келiсiмшарт бекiтiлген. Тараптар тағы 15 құжат жобасын қарастырмақ. Олардың iшiнде алдағы бизнес-форум аясында қол қойылатын аймақаралық ынтымақтастық саласы да бар.
Айта кетейік, бүгiн Польша басшысы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Польша бизнес форумына қатыспақ. Сондай-ақ, Анджей Дуданың сапары «ЭКСПО» көрмесiндегi Польша апталығына орайластырылып отыр.
Польшамен экономикалық қарым қатынасымыз тығыз екен
Дамыған елдермен тығыз қарым-қатынаста болғанымыз өзімізге жақсы. Экономикамыз үшін жақсы
Ресми кездесулерден соң келісім шарттарға қол қойылатыны бар. Оның өзі экономикамызға өз септігін тигізеді