Испандияр Қайыржан пауэрлифтингтен әлем чемпионатында екінші орын алды

Көкшетаулық пауэрлифтер Испандияр Қайыржан әлем чемпионатында жүлделі екінші орын алды.

Испандияр Қайыржан , ©Баспасөз қызметі

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында балғындар арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 40 елінен келген жас спортшылар қатысты. Еліміздің атынан қатысқан көкшетаулық Испандияр Қайыржан АҚШ спортшысына есе жіберіп, 66 келі салмақ бойынша жүлделі екінші орыннан көрінді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version