«Алматы» қонақүйінің атауы өзгереді

Алматы қаласындағы басты қонақүйдің атауы өзгермек. Бұл туралы «Astana Group» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Astana Group» компаниясы қонақүйдің құрылысын өзгертіп, бастапқыдағы бейнесін қайта жасамақ. Алайда, қонақүйдің атауы өзгереді. Бұрын қонақүйдің фасадында атауы «Алматы» және «Алма – Ата» деп жазылса, енді «Almaty» атауымен жазылады.

Дизайн концепциясын әлемге әйгілі британдық Chapman Taylor компаниясының сәулетшілері дайындады. Олар MEGA Alma-Ata сауда орталығының және MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының жобаларымен елге таныс.

Нұрлан Смағұловтың айтуынша, қонақүйді жаңалуға 3-4 млн доллар кетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version